Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса оларды Құдаймен кездестіру үшін қоныстарынан алып шығып, олар таудың етегіне барып тұрды. Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды. Сендер ата-бабаларымыз іспетті көріп-естуге болатын мынадай жайтты бастарыңнан өткізбедіңдер: олар от болып лаулап жанып жатқан Синай тауына жақындады. Айнала қара түнек болып, сұрапыл дауыл соғып, кернейдің қатты даусы шығып, сөздер айтылды. Соны естіген халық мұндай сөздерді енді қайтып естімесек екен деп жалбарынды.
Выбор основного перевода