Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан кейін Жаратқан Ие Мұсаға тағы былай деді: — Бойында Менің Рухым бар адам — Нұн ұлы Ешуаны қасыңа ал да, оның үстіне қолыңды қойып бата бер. Ешуа Менің, Жаратқан Иенің, еркін білу үшін діни қызметкер Елазардың алдында тұрсын. Елазар «Нұр және Кемелділік» деген қасиетті жеребелер арқылы Жаратқан Иенің алдында Оның шешімін анықтасын. Соның білдіргенімен Ешуа және барлық исраилдіктер ел қонысынан аттанып, оған қайта оралатын болсын». Ал Ешуаға нұсқау беріп, оны жігерлендіріп, қуатта. Өйткені ол мына халықты бастап Иорданнан өтіп барып, өзің таудың басынан көретін елді оларға мұралық меншікке үлестіріп беретін болады». Бірақ та бүгін мынаны біліп қойыңдар: сендердің Құдайларың Жаратқан Ие жалмайтын от сияқты болып Иорданнан өтіп, алдарыңда бастап жүреді. Өзі соларды құртып, сендерге жеңдіреді. Жаратқан Ие өздеріңе уәде еткендей, сендер оларды елден қуып шығып, тез арада көздерін жоясыңдар.
Выбор основного перевода