Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Екеуі Оның хабарын перғауынға жеткізгенде Мұса сексен, Һарон сексен үш жаста еді. Бірақ Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тіл қатып былай деді: «Маған жете сенбей, Исраилдің үрім-бұтағының алдында Менің киелі екенімді көрсетпедіңдер. Сондықтан екеуің осы қауымды Өзім оларға табыстап отырған елге алып бармайсыңдар!» Сол кісі оларды бастап алып жүреді. Осылайша Жаратқан Иенің қауымы бағушысы жоқ бір отар қой сияқты болмайды. — Бірақ Писга тауының басына шығып, батыс пен солтүстікке, оңтүстік пен шығысқа көз тастайсың. Сонда елге көз тігіп жақсылап қарап ал. Себебі өзің Иорданның арғы жағына өтпейсің. Мұса қайтыс болғанда жүз жиырма жаста еді. Ол көзінің нұры таймаған, тың да қайратты кісі болатын.
Выбор основного перевода