Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Таулы жерге қарай өрлеп бармаңдар, өйткені Жаратқан Ие сендермен бірге жүріп жар болмайды. Сонда жауларыңнан жеңіліп күйрейсіңдер. Былай деп: Бұлардан жүзімді жасырамын,Көремін олардың соңының не боларын,Өйткені олар азғындаған ұрпақтарӘрі опасыз, сатқын болған балалар. Сондықтан Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол халықты тонаушылардың қолына бере салды. Солар исраилдіктердің мал-мүліктерін зорлап тартып алып отырды. Жаратқан Ие халықты айналасында тұрып жатқан жауларының қолына түсіргендіктен, соларға қарсы тұруға Исраилдің қауқары жетпейтін болды. Гедеон оған былай деп жауап берді:— Уа, мырзам, егер Жаратқан Ие бізге жар болса, онда неліктен осының бәрі басымызға түсті? Аталарымыз бізге айтып берген Оның барлық кереметтері қайда кеткен?! Олар: «Халқымызды Мысыр елінен бастап алып шыққан Жаратқан Ие емес пе еді?» дейтін. Ал қазір Жаратқан Ие бізді тастап кетіп, мадияндықтардың қолына бере салды! Содан Азариях патшамен кездесу үшін жолға шықты да, оған тіл қатып былай деді: «Уа, Аса және бүкіл Яһуда мен Бунямин халқы, құлақ асыңдар! Сендер Құдаймен бірге жүргендеріңде Ол да сендермен бірге жүріп жар болады. Егер де Оған бет бұрып сиынып Оны іздесеңдер, таба аласыңдар. Бірақ Одан бас тартсаңдар, Ол да сендерден бас тартады. Ал бет-жүзіңді жасырсаң әбігерге қалар,Жанын алсаң өліп, топыраққа айналар. Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағынан өз бетін жасырып жатса да, мен Оған үмітпен қарап, сенімімді арта беремін. Ал басқа халықтар Исраил халқының не себептен жер аударылғанын ұғады: Исраил халқы Маған опасыздық жасап кінәлі болды. Сондықтан Мен олардан жүзімді бұрып әкетіп, халықты жауларының қолына түсірдім де, семсерден қырылуларына жол бердім.
Выбор основного перевода