Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ұзақ уақыттан кейін Мысырдың патшасы дүниеден қайтты. Ал исраилдіктер әлі де құлдықтан бейнет шегіп, күңірене күрсініп зарлап жатты. Олардың көмек сұрап жалбарынуы Құдайдың құлағына жетті. Зарлаған дауыстарын естігенде Құдай Өзінің Ыбырайым, Ысқақ, Жақыппен жасаған Келісімін рақыммен есіне алды. Осылай Құдай Исраил халқының мүшкіл халіне назар аударып, олардың қамдарын ойлады. Енді мынаны біліп қой: исраилдіктердің қинала айқайлаған дауыстары құлағыма жетіп, Мен мысырлықтардың оларды аяусыз қанағандарын көріп тұрмын.
Выбор основного перевода