Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен сендерді өз халқым деп қабылдап, Құдайларың боламын. Сонда Менің өздеріңді Мысырдың езгісінен босатып алып шыққан Жаратқан Ие — сендердің Құдайларың екенімді білетін боласыңдар. Сондықтан, егер айтқандарыма құлақ асып, Менің Келісімімді сақтап жүрсеңдер, барлық халықтардың ішінде сендер Менің ерекше құнды меншігім боласыңдар. Себебі сендер Құдайларың Жаратқан Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Ол жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен сендерді Өзінің халқы және ерекше құнды меншігі болуға таңдап алған. Себебі сендер Құдай Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен Жаратқан Ие сендерді Өзінің ерекше құнды меншігі болуға таңдап алды. Осылай Исраилді әрдайым меншікті халқың болуға Өзің үшін бекітіп қойдың, уа, Жаратқан Ие, әрі олардың ғибадат ететін Құдайы болдың.
Выбор основного перевода