Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Қамбаларың мен күбілеріңе жинаған өнімдеріңнің алғашқыларын Маған ұсынуға сараң болмаңдар.Тұңғыш ұлдарыңды Маған бағыштаңдар! Далаға еккендеріңнің бастапқы өнімдерін жинағанда Алғашқы өнім мейрамын тойлаңдар!(Ауылшаруашылық) жылының аяғында, яғни сендер егістіктерің мен бау-бақшаларыңда өнім жинайтын мезгілдеріңде, Сабантой мейрамын өткізіңдер! Жерлеріңнен алғаш шыққан өнімдердің ең жақсыларын Құдайларың Жаратқан Иенің киелі үйіне алып келіңдер!Лақтың етін енесінің сүтіне пісірмеңдер! Қырманның алғашқы өнімінің тартуы ретінде диірменде тартылған алғашқы ұннан пісірілген дөңгелек нанды әрі-бері тербеп Жаратқан Иеге ұсыныңдар. Халықтың өз жерінен алған, Маған беруге тиісті алғашқы өнімдерінің барлығы саған арналған. Үй ішіңнің тазару рәсімінен өткен әр адамы оны жей алады. Керісінше, Құдай Иеге Өзінің есімі құрметтелетін жер бетіндегі тұрағы болуға сендердің күллі руларыңның арасынан бір орынды таңдап алатын болады. Оған сиынып ғибадат етуге сол жерге баруларың қажет. Жаратқанды құрметтеп сыйға бер мал-мүлкіңнен,Алған бар өніміңнің алғашқы түсімінен.
Выбор основного перевода