Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол жерде өздерің, ұл-қыздарың, қызметшілерің және қалаларыңда тұрып жатқан, мұралық меншікке жер үлесі бөлінбеген леуіліктер, бәрің бірге Құдайларың Жаратқан Иенің алдында қуана тойлаңдар. Керісінше, бұларды Құдайларың Жаратқан Ие тағайындайтын орында Оның алдында өздерің, ұл-қыздарың, қызметшілерің және елді мекендеріңде бірге тұратын леуіліктер, бәрің бірге ішіп-жеңдер. Осылайша қолға алған барлық істеріңнің жемісті болғанына қуанып Құдай Иелеріңнің алдында тойлаңдар. Астықтың, жүзім шырыны мен зәйтүн майының өнімінің он бөлігінің бірін және мүйізді ірі қара әрі ұсақ малдарыңның алғаш туған төлдерін Құдайларың Жаратқан Ие өз есімінің жер бетіндегі тұрағы болуға тағайындайтын орынға апарыңдар. Олардан Жаратқан Иенің алдында тамақ дайындап, ішіп-жеңдер. Осылай сендер Құдай Иемізді әрдайым терең қастерлеуді үйренесіңдер. Сонда сендер сол күміске қалаған нәрселеріңді: мүйізді ірі қара, қой-ешкі, жүзім шырыны, ашытылған сусын немесе басқа қалағандарыңды сатып ала аласыңдар. Осы азық-түліктен сол орында, Құдай Иенің алдында отбасыларыңмен бірге қуана ішіп-жеңдер. Әр жыл сайын ондай малды Құдай Иенің таңдап алған жерінде Оның алдында отбасыларыңмен бірге құрбандыққа шалып, ішіп-жеңдер.
Выбор основного перевода