Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Олар өздері үшін биіктеу жерлерде ғибадат орындарын салып, әр биік тау-төбенің басында, әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге арнап тас бағаналар әрі Ашераға бағыштап ағаш бағаналар орнатып қойды. Сонымен қатар Ахаз төбе бастары мен өзге де биіктеу жерлердегі табыну орындарында және әрбір саялы ағаштың түбінде жалған тәңірлерге арнап құрбандық шалып, хош иісті заттар түтетіп ұсынып жүрді. Жосия патшаның заманында Жаратқан Ие маған былай деді: «Тұрақсыз Солтүстік Исраилдің не істегенін көрдің бе? Ол әрбір биік төбеге шығып, әрбір саялы ағаштың түбіне барып, жалған тәңірлерге табынып азғындық жасады.
Выбор основного перевода