Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
— Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Егер Менің айтқандарыма құлақ асып, Маған ұнамды әділ іс істесеңдер, әрі өсиеттеріме ден қойып, барлық ережелерімді орындасаңдар, онда Мен мысырлықтарға жіберген індет-аурулардың бірде-біреуін сендерге жұқтырмаймын. Себебі Мен сендерді сауықтырушы Жаратқан Иемін. Жаратқан Иенің мен сендерге бүгін тапсырып отырған ережелері мен өсиеттерін орындайтын болыңдар! Сонда өздеріңе және кейінгі ұрпақтарыңа игі болып, Құдай Иеміз сендерге ұзақ ғасырларға табыстамақ елде көп жасайтын боласыңдар. Өйткені сендер Оның айтқандарына құлақ асып, мен бүгін өздеріңе тапсырып отырған Оның барлық өсиеттерін сақтап, Құдайларың Жаратқан Иеге ұнамды әділ істерді істеп келесіңдер. Егер Менің өзіңе өсиет еткенімнің барлығына мойынсұнсаң, әрі қызметшім Дәуіттің орындағанындай, сен де Менің жолыммен жүріп, Маған ұнамды істерді істеп, Менің ережелерім мен өсиеттерімді ұстанатын болсаң, онда Мен де саған әрқашан жар болып, сенің патшалық әулетіңді Дәуіттің патшалық әулетіндей үздіксіз етіп бекітемін және (Солтүстік) Исраил елінің патшалық билігін сенің қолыңа тапсырамын.
Выбор основного перевода