Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сендер бұрын қоныстанған Мысырдың адамдарындай істемеңдер! Мен сендерді жетелеп бара жатқан Қанахан елінің адамдарындай да әрекет етпеңдер, әрі олардың (азғын) ережелеріне сәйкес ештеңе істемеңдер! Ал сендер Менің ережелерім мен шешімдерімді орындауларың керек. Тумысынан исраилдік өздерің де, араларыңда тұрып жатқан жат жұрттықтар да осындай жексұрын қылықтарды жасамасын! Сондықтан да Менің бұйрықтарымды сақтап орындаңдар! Өздерің елге келмей тұрып сонда тараған жексұрын салт-дәстүрлерді ұстанбаңдар! Соларды істеп өздеріңді арамдамаңдар! Мен сендердің Құдайларың — Жаратқан Иемін. Олардың ағаштан жасалған тәңір мүсіндерін өртеп жіберулерің керек! Солардағы алтын-күміске қызығып, оны өздеріңе алмаңдар! Әйтпесе Құдай Иеге жексұрын сол мүсіндер сендерді тұзаққа түсіреді. Ендеше осы елді иемденулерің сендердің ерекше әділдіктеріңе яки ізгі қасиеттеріңе бола емес. Қайта, сол халықтардың зұлымдықтарына бола Құдайларың Жаратқан Ие оларды алдарыңнан қуып шығады. Осылайша Ол ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа антпен берген уәдесін жүзеге асырады. Құдайларың Жаратқан Иеге сол халықтардың (жексұрын) дәстүрлері бойынша құлшылық етпеңдер! Араларыңдағы ешқайсың ұл-қызын оттан өткізіп (жалған тәңірге құрбандыққа ұсынбасын)! Бал ашып, жауырынға қарап, не құмалақ салып сәуегейлікпен де айналыспаңдар! Сиқырлау, аууалықтар — Нибхаз бен Тартақ есімді жалған тәңірлердің мүсіндерін жасап, орнатты. Сепар-Уаймнан көшіп келгендер сол жерде табынған Адрам-Мәлік пен Анам-Мәлік деген жалған тәңірлеріне арнап тіпті өз балаларын да отқа өртеп құрбан етті. әрі Бен-Хенном аңғарында Топет деген табыну орындарын салып, сол жерлерде ұлдары мен қыздарын жалған тәңірге арнап өртеп құрбан етті. Мұндайды Мен оларға бұйырған емеспін, ол тіпті ойыма да келген жоқ.
Выбор основного перевода