Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Мысырдың шығыс жағындағы Шихор өзенінен Әкронның солтүстігіндегі шекарасына дейін созылған аймақ, ол қанахандықтардың жері болып саналады. Філістірлердің бес әміршісі билік жүргізген Газа, Азот, Ашкелон, Ғат, Әкрон атты қалалары әрі оңтүстіктегі ауилықтардың жері де осы аймаққа кіреді. патшалар қабіріне қойылмады. Өйткені сен өз еліңді талқандап, өз халқыңды құрттың.Зұлымдардың тұқымы ешқашан еске алынбасын! Осы патшаның ұлдары да ата-бабаларының жасаған күнәларына бола құртылмақ, соған арналған орынды дайындап қойыңдар! Олар бас көтеріп, жерді иемденіп, дүние жүзін өз қалаларымен толтыра алмасын! «Мен оларға қарсы шықпақпын! — дейді Әлемнің Иесі. — Мен Бабылды атымен жоқ қылып, оның халқын түп-тамырымен құртып, ешбір ұрпағын тірі қалдырмаймын. Осыны айтқан Мен Жаратқан Иемін. Мен қаланы жабайы аңдар мекендейтін мибатпаққа айналдырып, ондағы барлық нәрсені де сыпырып тастаймын». — Әлемнің Иесі осыларды нық айтады. Әлемнің Иесі былай деп ант еткен: «Менің ой-ниетім шүбәсіз іске асады! Мен қалай жоспарлаған болсам, ол дәл солай орындалады! Мен ассурлықтарды өз елім Исраилде талқандап, оларды өз тауларымда басып тастаймын. Осылай халқымның мойнынан Ассурдың мойынтұрығы алынып, олар көтерген ауыр жүктерінен арылады. Бұл — бүкіл әлемге арнаған шешімім! Мынау — барлық халықтардың үстінен созылған құдіретті қолым!» — Өйткені Әлемнің Иесі осыны ұйғарды. Мұнысын орындатқызбайтын кім бар?! Жаратқан Ие құдіретті қолын алға созып тұр. Онысын тоқтата алатын кім бар?! Ахаз патша қайтыс болған жылы мына ауыр хабар (пайғамбарға Жаратқан Иеден) жетті: Уа, бүкіл філістір елі, сені ұратын таяқ сынғанмен, шаттануыңа себеп жоқ. Бір жылан өлген кезде оның орнына улы сұр жылан келеді. Улы сұр жыланның жұмыртқасынан атылып, шағып алатын оқ жылан шығады. Сол кезде (Менің халқымның ішіндегі) ең кедейлер тамақтанып, мұқтаждар қауіп-қатерсіз тынығып жатады. Алайда, уа, філістір халқы, Мен сендерді ашаршылық арқылы түп-тамырларыңмен жұлып тастаймын. Тіпті аман қалғандарыңның өздерін де қырып жоямын. Қала қақпаларының маңында еңіреңдер! Қаланың ішінде зар жылаңдар! Уа, філістірлер, қорқыныштарыңнан су жүрек боласыңдар. Солтүстік жақтан шаң-топырақтың құйын бұлты іспетті жау аттанып келе жатыр! Осы айбынды әскердің қатарларында бірде-бір қорқақ жоқ. Сондықтан да Мен, Жаратушы Тәңір Ие, мынаны айтамын: Біліп қойыңдар, Мен філістірлерге қарсы қолымды созып, кереттіктерді құртып, теңіз жағалауындағы қалған халықтарды да жоқ қыламын. Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, Жаратқан Иенің сендерге қарсы айтқан сөзін тыңдаңдар! Ол ежелде Мысыр елінен Өзі алып шыққан бүкіл халыққа қарсы мына сөзін айтады: (Жаратқан Ие тағы мынаны айтады:) «Мен халықтарды қырдым, олардың бекіністі қалаларын бұздым. Көшелерін қаңыраттым, олармен жүретін ешкім де қалмады. Қалалары қираған, адамдары жоқ, тіпті бірде-бір тұрғыны қалмаған.
Выбор основного перевода