Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Уа, бұрын толқыған, у-шу мен той-думанға толған қала! Сенің тұрғындарың өлді, бірақ семсерден емес, ашаршылық пен індеттен! Өйткені тұрғындары қорғанды тастап кетеді, халқы ығы-жығы мол қала да елсіз бос қалатын болады. Қамалы мен күзет мұнаралары әрдайым күл-талқан болып жатпақ. Бұл жер жабайы есектерге ұнап, отарлардың жайылымына айналады. Рақатқа батып, бейқам тұрып жатырсың. «Әлемде тек мен ғана маңыздымын, мендей ешкім жоқ! Ешқашан жесірдей жалғыз қалмаймын, тұрғындарымнан еш айырылмаймын!» деп мақтанасың. Ал енді, мынаған жақсылап құлақ сал: Сондықтан оның жері қиратылып, басқа халықтар оны ысқырып, келекелейді. Сол жермен өткен-кеткендердің бәрі аңтарыла жандары түршігіп, бастарын шайқайтын болады. Мен бұл қаланы қиратып, келекеге қалдырамын. Өткен-кеткен адамдардың бәрі қаланы көргеннен аңтарыла жандары түршігіп, оның соққы жеп қатты жарақаттанғанына қарап мұрындарын шүйіріп ысқыратын болады. Сенің күйреуің ешкім жаза алмайтын жара іспетті, өзің құлдыраған өлімші халдесің. Басыңа түскен апат туралы естіген әркім соны қол шапалақтап қабылдайды. Себебі сенің шегі жоқ қаталдығыңды өз басынан өткізбеген ешкім қалмады.
Выбор основного перевода