Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Құла түздің жабайы аңдары оның үйінділерінде тынығып жатып, қираған үйлері үкінің ұяларына толады. Бұл жерде түйеқұстар да тұрып, сабалақ жүнді ешкілер секіріп жүреді. Бірқазан мен кірпі оны иемденіп, үкі мен қарға сонда ұяларын салады. Құдай Едомның жерін тәптіштеп өлшеп, оны ретсіз, тіршіліксіз бос жатуға бағыштайды. Оның қорғандарын тікенді бұталар басып, бекіністі қалаларын қалақай мен ошаған жайлап кетеді. Осы жер шибөрі мен түйеқұстың тұрағына айналмақ. Сонда иен даланың аңдары қорқау қасқырларға ұшырасып, жабайы текелер бір-бірін маңырап шақырады. Түнгі аңдар сол жерде демалып, тыным табады. «Өзіме арнап жоғарғы бөлмелерін кең етіп зәулім сарай саламын! Соған үлкен терезе жасап, ішін самырсынмен қаптап, қызыл бояумен әшекейлеймін» деп мақтанады. Алайда самырсыннан сарай салғаның сені ұлы патша қыла ма? Әкең марқұм тоя ішіп-жеп жайлы тұрмыс құрды емес пе? Ол әділдік пен шындықты жүзеге асырып, соның нәтижесінде игілікті өмір сүрді. Содан теңіз жағасындағы жерлерің шопандардың баспаналары мен мал қоралары орналасқан жайылымға айналады.
Выбор основного перевода