Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3
Параллельные места
Алайда Тәңір Ие Сион тауы мен бүкіл Иерусалимге қарсы істеп жатқандарының бәрін бітірген кезде былай дейтін болады:— Мен Ассур патшасын өркөкіректеніп, паңдана қарап жүргені үшін жауапқа тартатын боламын! Бұл — бүкіл әлемге арнаған шешімім! Мынау — барлық халықтардың үстінен созылған құдіретті қолым!» — Жаратқан Ие сен туралы мынадай бұйрық берді, уа, Ассур патшасы: «Сенің соңыңнан ұрпақ қалмай, атың өшеді. Тәңірсымақтарыңның ғибадатханаларындағы қашалған бейнелер мен құйылған мүсіндерді қиратамын. Мен қабіріңді ойрандатқызамын, себебі сен жек көрініштісің». Жаратқан Ие Яһуданың да, Солтүстік Исраилдің де салтанатын қайтадан қалпына келтіреді. Өйткені құртушы жаулары оларды талқандап, бау-бақшаларын да жермен-жексен қылған болатын. Көргендердің барлығы сенен қашып: «Ниневи қирап қалды, енді кім оған көңіл айтпақ?» дейді. Оны жұбататын ешкім де табылмайды». Алайда от сені жалмайды, семсер шауып түсіріп, шегіртке құртындай жоқ қылады. Шегірткедей көбейіп, соның құртындай молайып көр, бәрібір жау сені жоятын болады.
Выбор основного перевода