Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әуел баста Құдай аспан мен жерді жаратты. Жаратқанның атын атап сиындым:«Уа, Ием, құтқаршы мені!» — деп шақырдым. Жаратқан Ие әділ де рақымды,Біздің Құдайымыз сондай қайырымды! Иеміз қорғайды ақпейіл жандарды,Мүшкіл халімнен Ол мені құтқарып алды. Тыныштала гөр енді, уа, жан дүнием,Мол игілік жасады Жаратқан Ием. Иемізге бағышталған адамдарыныңАжалына Жаратқан Ие аударады назарын. Алайда шынайы емессіңдер, істерің де түкке тұрғысыз! Сендерді таңдап алып, құлшылық етуші әркім әбден жексұрын! Аспанды жайып жіберіп жаратқан,Жерді де өнімімен жайып тастаған,Адамдарға өмірдің лебін үрлеген,Жер басқанның бәріне тыныс бергенҚұдай Ие мынаны да айтқан: Ал Жасаған Ие жерді өз құдіретімен жаратып, дүниені даналығымен орнатып, аспан кеңістігін ақыл-парасатымен жайып жіберді. Сонда тәңір мүсінінің келтірер пайдасы не? Оны ойып жасаған жай пенде емес пе? Немесе құйылып жасалған, өтірікті үйрететін мүсіннің пайдасы қандай? Оны жасайтын адам баласы өзінің қолынан шыққан тәңірсымаққа сенеді, бірақ сол мүсін сөйлей алмайды, ол үнсіз мылқау. Ағаш мүсінге: «Тіріл!», мылқау тасқа: «Оян!» дейтін қасіретке қалады! Өлі мүсіндер сендерге дұрыс жолды үйрете ала ма? Алтын, күміспен қапталған болса да, оларда тіршілік жоқ. Ал Жаратқан Ие Өзінің (көктегі) киелі үйінде. Бүкіл жер беті Оның алдында үндемей, Оны терең қастерлейтін болсын! Сендер мына Пауыл дегеннің Ефесте ғана емес, тіпті бүкіл Азиядағы көптеген кісілерді өз дегеніне көндіріп, адастырып жүргенін естіп-көріп жүрсіңдер. Ол адамдарға: «Қолдан жасалған тәңірлер шынайы құдай емес» дегенді айтып жүр.
Выбор основного перевода