Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Рулар қуана-қуана ән шырқай берсін,Себебі Сен ұлттарды әділдікпен билейсің,Жер бетіндегі руларға дұрыс бағыт сілтейсің. Жаратқан Иеміздің көз алдында!Ол жерге келеді үкім шығаруға,Әлемге әділ билік айтуға,Нағыз шындықпен күллі ұлттарға. (Дәуіттің жыры.)Жаратқан Ие менің иеме былай деп айтқан:«Мен жауларыңды табаныңның астынаСалып бергенімше отыр оң жағымда». Кесілген ағаштың түбірі мен тамырларынан жас өркен өсіп шығады. Сол сияқты Есей ұлы Дәуіттің патшалық биліктен айырылған әулетінен шығатын бір ұрпақ күндердің күнінде қайтадан патшалық құрады. Осы патшаға Жаратқан Иенің Рухы қонып, оған даналық пен парасат, ақыл-кеңес пен құдірет, білімділік және Жаратқан Иені терең қастерлеуді дарытады. Өзі Жаратқан Иеге мойынсұнып, Оны терең қастерлеуден қуаныш табады.Патша тек көрген сырт пішінге, ұзын құлақтан естігеніне ғана сүйеніп үкім шығармайды. Қайта, жарлыларға әділдікпен төрелік айтып, жердің жапа шеккендерінің заңды мүдделерін қорғайды. Оның аузынан шыққан үкімдер осы дүниеге дүре соққан таяқ сияқты: айтқан әмірлерімен зұлымдардың көздерін құртады. Патша әділдікпен билік жүргізіп, ақиқат пен адалдықты берік ұстануға белін бекем буады. Себебі Ол осы дүниені әділдікпен соттайтын күнін белгілеп, сотты жүргізетін Кісіні тағайындап қойды. Барлық адамзатқа мұның дәлелі болсын деп, Құдай сол Кісіні өлімнен қайта тірілтіп алды! Мұнан соң қарағанымда, көктің ашылғанын және сонда тұрған ақ боз атты көрдім; оның үстінде Отырған «Адал да Ақиқат» деп аталады. Ол әділдікпен үкім кесіп, соғысқа шығады.
Выбор основного перевода