Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күллі әлем, Жаратқанға ән-жыр шырқаңдар,Бізді құтқарғанын күн сайын хабарлаңдар, Халықтарға паш етіп Оның ұлылығын,Бар ұлттарға Иеміздің кереметтерін! Иеміз ұлы, мадақталуға әбден лайықты,Оны қастерлеу қажет, бар «тәңір, пірден» гөрі, Өзге ұлттар табынған «тәңірлер» жалған,Ал Жасаған Ие аспанды жаратқан! Сән-салтанат, ұлылық Оның алдында,Құдірет пен қуаныш киелі тұрағында. Жаратқанның ұлылығы мен күш-қуатынМойындаңдар, уа, рулары күллі ұлттардың! Жаратқанның есімін даңқтап қадірлеңдер,Оның алдына сый-тарту алып келіңдер,Қасиетті салтанатына бөленіңдер,Жаратқан Иеге бағынып бас иіңдер! Бүкіл жер, дәріптеп дірілде Оның алдында!Әлем берік орнатылды, ол қозғалмайды да. Заңғар көк шаттансын, жер де қатты қуансын,Бөтен ұлттарға мынаны жарияласын:«Жаратқан Ие құрады патшалығын!» Теңіз бен ондағылар шуылдасын,Дала мен ондағылар да шаттансын! Орман ағаштары қуана ән салады,Келе жатқан Иенің алдынан шығады,Себебі Ол келіп, жерге сот құрады. Оған бағыштап жаңа ән айтыңдар,Мәнерлеп ойнап, шаттана айқайлаңдар! Жаратқанға айтыңдар жаңа әнді,Өйткені Ол кереметтер істеді,Киелі құдіретімен жеңіп шықты.
Выбор основного перевода