Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ыбырайымның Сараның мысырлық күңі Ажардан туған ұлы Ысмағұлдың үрім-бұтағының шежіресі мынау: Ысмағұлдың ұлдарынан тараған ұрпақтар рет-ретімен былай аталады: Ысмағұлдың тұңғышы Набайот, одан кейін Қидар, Адбел, Мипсам, Мишма, Дума, Масса, Хадад, Тема, Етур, Нафиш, Кедмах туды. Бұлар Ысмағұлдың он екі ұлынан тарап, жартылай көшпенді, жартылай отырықшы болып, мекендеген жеріне қарай бөлінген рулардың он екі көсемі болды. Осылардан кейін моабтық пен аммондық әскерлері бірсыпыра меундіктермен қосылып, Жосапат патшаға қарсы соғысқа шықты. Ал енді, Аммон мен Моаб елдерінен және Сейір тауынан аттанып келген сол жасақшылардың не істеп жатқандарына назар аудара көрші! Ежелде Исраил халқы Мысырдан көшіп шыққанда Сен халқыңа сол ұлттардың жерлеріне басып кіруге тыйым салғансың. Халқың сырт айналып өтіп, соларды құртып жібермеді. Енді, міне, солардың ұрпақтары біздің жақсылығымызға жамандықпен жауап беріп отыр. Өзің бізге мұралық меншігіміз болуға табыстаған Сенің осы еліңнен олар бізді қуып шығу үшін аттанып келе жатыр!
Выбор основного перевода