Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ефремдіктер Мадиянның артынан қуып, олардың екі әміршісі — Ориб пен Зипті тұтқындады. Содан Орибті Ориб құзының, Зипті Зиптегі жүзім сыққыштың маңында өлтіріп, бастарын Иорданның жағасынан Гедеонға алып барды. Гедеон Соқот қаласына жеткенде, оның адамдарына:— Мына жасақшыларыма біраз таба нан берсеңіздер екен. Олар қатты ашығып тұр! Мен Мадиян патшалары Зебей мен Салманның соңына түсіп келе жатыр едім, — деп өтініш жасады. Зебей мен Салман қаша жөнелді. Гедеон олардың соңынан қуып, қолға түсіріп, мадияндықтардың бүкіл жасағының зәресін ұшырды. Сонда Зебей мен Салман: «Бізді өзіңіз-ақ өлтіріңіз. Үлкеннің ісін балаға орындатпаңыз», — деді. Гедеон алдына ұмтылып, Зебей мен Салманды өлтірді де, олардың түйелерінің мойнына салынған айшықты алқаларын шешіп алды.
Выбор основного перевода