Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұса осы хабарды исраилдіктерге жеткізді, алайда ауыр жұмыс еңселерін басып, жігерлері күйреген олар Мұсаға құлақ салмады. Ал Мен арттарыңнан қуып шықсын деп перғауынның жүрегін қасарыстырып қоямын. Осылай перғауынға және оның бүкіл әскеріне Өзімнің ұлылығымды көрсетемін. Соған қарап мысырлықтар Менің Жаратқан Ие екенімді біліп мойындайтын болады».Исраилдіктер осылай істеп, сол жерде аялдады. Ием — батыр жауынгер, есімі — Жаратқан Ие, Қаһарыңмен оларды құртып таста,Жоқ қыла гөр оларды біржолата,Сонда «Жақыпқа Құдай билік жүргізеді»Деп жер түкпіріндегілер де біледі. Жоғарысың бүкіл әлемнен, уа, Жаратқан,Үстемсің барлық «тәңір, пір» атаулыдан. Жаратқан Ие — Исраилдің Патшасы мен азат еткен Қамқоршысы әрі Әлемнің Иесі мынаны айтады: «Алғашқы да, Соңғы да Менмін, Менен өзге құдай жоқ! Өзің де Құдайға қайта оралып, берік сүйіспеншілік пен әділдікті сақта! Әрқашан өз Құдайыңа үмітіңді арт!
Выбор основного перевода