Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Шынында, біз қай кезде мінажат етсек те, Құдайымыз Жаратқан Ие бізге жақын тұрады. Ал табынған тәңірлері дәл солай жақын тұратын тағы басқа үлкен халық бар ма?! Біліңдер: Жаратқан әділді таңдады,Жалбарынсам, Ием құлақ асады. Құдайы — Жаратқанға сиынған ұлт бақытты,Ол меншігіне таңдаған халық жарылқаулы! Әлеміңнің игілігіне тойдырасың,Өзеніңнің рақатына қандырасың. Өйткені жіліктің майлы басынанГөрі Өзіңнен мол ләззат табамын,Шаттық үнмен Саған мақтау айтамын. Киелі үйіңде тұратындар сондай бақытты,Әрқашан да олар Саған мақтау айтады!
Выбор основного перевода