Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бақты суландыратын өзен Едемнен ағып шығып жатты, ол әрі қарай төрт тармаққа бөлініп кететін. Мен мезгілінде жаңбыр жаудырамын, сонда жер өнімін, ағаштар жемісін береді. Бұл елге Құдайларың Жаратқан Иенің Өзі қамқорлық жасайды. Жылдың басынан аяғына дейін Ол сол елді ұдайы назарында ұстайды. Сонда Исраил аман-есен тұрады,Жақыптың бұлағы қауіпсіз болады,Лайым аспаннан шық түсетін болсын,Елдің наны мен шырыны молайсын! Құдайдың таңдап алған қаласына,Алла Тағаланың киелі тұрағынаОның рақымы бұлақтың суындайӘрқашан да нәр беріп қуантуда. Уәделі еліңе, я, Құдай, нөсер жаудырдың,Кеуіп қалған жерді қайтадан жандандырдың, Рақыммен халқыңды елде қоныстандырдың,Уа, Тәңірім, сол кедейлерді Сен қамқорладың. Топырақтан мал азығына шөп өсіресің,Адамға ас болуға дақылдар еккізесің, Таңдаулы астықпен оны тойындырады,Шекараңа бейбітшілік орнатады.
Выбор основного перевода