Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жердің беті егінге тола берсін,Қырда дәнді сабақтары өсіп-өнсін,Олар Ливан орманындай сыңсып тұрсын,Қаланың тұрғындары да шөптей көбейсін. Өзендер қуана қол шапалақтасын,Таулар да бірігіп шаттана ән салсын Қоймамыз лайым толы бола берсінАлуан түрімен азық-түліктің,Малдарымыз мың-мыңдап көбейсін,Жайылымда оң мыңдап молайсын, Егістікке тұқым сепкен кездеріңде Иеміз жаңбыр жаудырып, ағыл-тегіл өнім бергізеді. Малдарыңның жайылымы ұлан-ғайыр болады. Аспан, мұны істеген Тәңірді әнмен мадақта,Жер, сен де Оны дәріптеп шаттана айқайла,Шуылдап мақтаңдар, таулар, орман ағаштары да:Жаратқан Жақыптың әулетін құтқарып алды,Өз ұлылығын Ол Исраилде жар қылды!
Выбор основного перевода