Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі патша өзінің үлкен сауда кемелерін (Тир патшасы) Хирамның кемелерімен бірге әр үш жылда бір рет алыс сапарға жіберіп, олар алтын, күміс, піл сүйегін, маймылдар және тауыс құстарын алып келетін. Жосапат патша алысқа жүзіп бара алатын үлкен сауда кемелерін жасатып, Опыр елінен алтын алып келуге жіберген еді. Бірақ сол кемелері алысқа ұзамай, сапарға шықкан Есион-Гәбер кемежайының маңында апатқа ұшырады. Шығыстан соққан күшті боран көтеріп әкеткенде, құдайсыздар ғайып болады. Құйын оларды өз орындарынан алып кетеді. Жоқ, Жаратқан Ие өз халқын тиісті мөлшерде жазалау үшін жер аударады. Ол шығыстан соққан аптап жел сияқты оларды «қатты дауылмен» елінен айдап шығады. Кейде Мен бір халықты не патшалықты елінен түп-тамырымен жұлып, құлатып, жоюым керек деп шешемін. Ескекшілерің сені ашық теңізге алып шығатын. Ал енді шығыстан соққан «дауылды жел» теңіздегі сені қиратпақ.
Выбор основного перевода