Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Солардың ұрпақтарынан жасырмаймыз,Келер буынға оларды жариялаймыз:Жаратқан Иенің даңқты істерін,Оның құдіреті мен кереметтерін. Өйткені Иеміз Жақыптың ұрпағынаЕрежесін орнатып, Исраил халқынаАрнап Таурат заңын шығарып тапсырды,Ол ата-бабаларымызға солардыБалаларына үйретуге бұйырды. Келер ұрпақ оларды жақсы танысын,Кейін туар перзенттері де ұғынсын,Олар да өз балаларына үйретсін. Осылай бұлар Құдайға үміт артсын,Оның кереметтерін есте сақтасын,Әрі өсиеттерін нық орындасын. Олар бабаларындай істеп жүрмесін:Бас көтергіш қыңыр ұрпақ бола көрмесін,Жүректерін Құдайға арнаудан безбесін,Ой-ниеттері Құдайға сенімсіз болмасын. Қамалыңның ішінде амандық болсын,Сарайларыңда тыныштық орнасын!»
Выбор основного перевода