Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ием жаныма күш дарытады.Есімі «Қасиетті» деп аталады,Содан артамын Оған сенімімді:Ол мені тура жолмен жетелейді. Қап-қараңғы шатқалда жүрсем де мен,Қорықпаймын ешбір қауіп-қатерден,Себебі Өзің менің қасымдасың,Жігер береді сойылың мен таяғың. Құдайымыз бізді қорғап-қолдайды,Жаратушы Тәңір Ие ажалдан сақтайды. Сион тауының басында Әлемнің Иесі барлық халықтарға арнап семіз ет пен жілік майынан, таңдаулы сусындардан мол дастарқан жайып, тамаша той дайындайды. Осы таудың басында Ол барлық халықтардың беттерін жабатын пердені, күллі ұлттардың үстінен төніп тұрған жабынды ысырып тастайды. Ол өлімді біржола жоқ қылады. Жаратушы Тәңір Ие барлық бет-жүздердің көз жастарын сүртіп жұбатып, өз халқының көрген масқарасын бүкіл жер бетінен алып тастайды. Жаратқан Иенің Өзі осыны нық айтқан. Сол кезде адамдар былай дейтін болады:«Біліп алыңдар, Бұл — біздің Құдайымыз,Аңсап Оны Оған сенім артамыз,Ол — жаудың қолынан Құтқарушымыз,Біздің Иеміз һәм Жаратушымыз,Оны аңсап Оған сенім артамыз.Енді бәріміз қатты қуанамыз,Бізді құтқарғанына шаттанамыз!» Себебі Жаратқан Ие Сион тауының үстінен қолын жайып тұрып, қаланы жарылқайтын болады. Ал (қасарысып, Оған қарсы шыға берген) Моаб тыңайтқыш үшін шалшықта тапталған сабандай тапталатын болады. Мен, Жаратқан Ие, сендерді әрқашан жетелеп жүремін, шөл далада да қажеттеріңмен қамтамасыз етіп, денелеріңе қуат беремін. Осылай сендер суы мол баққа, ешқашан сарқылмайтын бұлаққа ұқсайтын боласыңдар.
Выбор основного перевода