Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша Дәуіт пен бүкіл Исраил халқы қуанышпен айқай сала, кернейлетіп Жаратқан Иенің сандығын Иерусалимге алып келе жатты. Сен заңғар биікке көтерілдің,Көптеген тұтқындарды ертіп жүрдің,Адамдардан тартулар қабылдадың,Бас көтергендерден де сыйлықтар алдың,Құдай Иенің мұнда тұруы үшін. Уа, Құдай, Сенің салтанатты шеруің,Киелі тұрағыңа Сенің кіруіңКөрінеді бар жұртқа, о, Патшам, Құдайым. Әншілер жүр алдында, аспапшылар соңында,Даңғыра ойнаған қыздар араларында: Сырнай, кернейдің үнімен дауыстаңдар,Патшамыз — Жаратқан алдында шаттаныңдар! Иса осылай деді де, олардың көзінше жоғары көтеріліп кетіп, бір бұлт Оны көзден таса қылды. Соған түскен Мәсіх — аспаннан әлдеқайда жоғары орынға, «көктің ең биігіне», көтеріліп кеткеннің дәл Өзі. Осылайша Мәсіх бүкіл әлемге өз билігін орнатпақ.
Выбор основного перевода