Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Күллі патшалар оған бас иеді,Күллі ұлттар оған қызмет етеді. Себебі қорғанышымыз — Жаратқан Иеден,Біздің патшамыз — Исраилдің киелі Тәңірінен. Жоғарысың бүкіл әлемнен, уа, Жаратқан,Үстемсің барлық «тәңір, пір» атаулыдан. Құдайдың Қызметшісі адамдардан қорлық көріп, халыққа жексұрын болып, билеушілердің құлына айналған еді. Ал Исраилді құтқарушы Киелі Құдай — Жаратқан Ие оған тіл қатып былай дейді: «Сені көрген патшалар алдыңда тік тұрады, әміршілер де саған бас иетін болады. Себебі Мен — Исраил сиынған Киелі Құдай, сөзіне адал Жаратқан Ие, сені таңдап алдым!» Сонда патшалар кіндік әкелерің болып, ханымдары күтуші әйелдеріңе айналады. Олар саған жерге дейін иіліп тағзым етіп, аяғыңа жабысқан шаңды сүртіп құлдық ұрады. Осылай сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың. Маған үміт артқандар ұятқа қалмайды!» Кейінірек қана Құдай Ыбырайымға сүндеттеу рәсімін орындауды бұйырды. Осы рәсім Ыбырайымның Құдайға деген сенімі арқылы ақталғандығын бекітетін белгі іспетті еді. Ал бұл сенім Ыбырайымда сүндеттелмей тұрғанда-ақ болған. Сонымен Ыбырайым — кейінгі замандарда сүндеттелмей-ақ Құдайға сеніп ақталатындардың рухани түп атасы. Бұған қоса Ыбырайым (Мәсіхке сенуші) яһудилердің де түп атасы. Бұлар сүндеттеу рәсімінен өтіп қана қоймай, атамыз Ыбырайым сүндеттелмей тұрған кезде-ақ жүрген сенім жолына да түсті.
Выбор основного перевода