Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі Құдай Иеміз сендерді суға толы өзендері мен тоғандары бар, сайлары мен қыраттарындағы қайнарлардан бұлақ ағатын шұрайлы елге алып бара жатыр. Бұл елде бидай мен арпа, жүзім бұталары, інжір мен анар, зәйтүн майы мен бал да мол. Сол елде сендер наннан да, басқа еш нәрседен де таршылық көрмейсіңдер. Жерінің тастарында темір мол, қыраттарынан күміс қазып, өндіретін боласыңдар. Тамақ ішіп, тойғаннан кейін, осы шұрайлы елді өздеріңе табыстағаны үшін Құдайларың Жаратқан Иені мадақтаңдар! Жаратқан Иеге сиынып былай дедім: «Уа, Жаратушы Тәңір Ие! Сен өз ұлылығыңмен құтқарып, құдіретті қолыңмен Мысырдан алып шыққан осы халқыңды, Өзіңнің меншігіңді, құрта көрме! Менен сұра, сонда иелігіңе сеніңХалықтарды мәңгілікке беремін,Шартарапты қол астыңа өткіземін. Ал Жаратқан Ие «Жақып мақтан тұтқан (Құдай)» деген Өзінің атымен былай деп ант береді: «Мен сол істерінің бірін де есімнен шығармаймын! Жаратқан Ие Яһуданың да, Солтүстік Исраилдің де салтанатын қайтадан қалпына келтіреді. Өйткені құртушы жаулары оларды талқандап, бау-бақшаларын да жермен-жексен қылған болатын. — Мен сендерді сүйіп келемін, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Бірақ сендер: «Сен бізді қалайша сүйіп келесің?!» деп сұрайсыңдар. — Жаратқан Ие: — Есау Жақыптың туған ағасы емес пе еді? Бірақ Мен Жақыпты сүйіп таңдап алдым, Сондықтан да Құдайдың өз халқына сақтаған мол игілігін иемденуімізді күтеміз. Ешқашан шіріп бұзылмайтын, өшіп-солып қалмайтын сол мұраларың сендер үшін көкте дайын тұр.
Выбор основного перевода