Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өздерің көріп тұрсыңдар, Құдай бізге жар болып, бізді бастап жүр! Оның діни қызметкерлері де алдыңғы шепте, олар сендерге қарсы ұрандап кернейлерін тартатын болады. Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, өз ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иеге қарсы соғыспаңдар! Бәрібір жеңіске жетпейсіңдер!» Қаналғандарға Жаратқан пана болады,Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады, Кім екен осы даңққа бөленген Патша?Ол — құдіреті күшті Жаратқан Ие,Шайқаста құдіретті Жаратқан Ие! Кім екен осы даңққа бөленген Патша?Әлемнің Иесі, Сол — даңқталған Патша! Қиын-қыстау кезде Ием саған құлақ салсын,Жақыптың Құдайы бар пәледен сақтасын, Бекіністі сарайларында ҚұдайБелгілі қорғаушы, баспанадай. Бұл жайында не дейміз? Құдай жақтаса, бізге кім қарсы шыға алады?!
Выбор основного перевода