Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мықтының садақтары сындырылады,Ал әлсіз жан зор күшке ие болады. Сонда Ол қиратты жаудың отты жебелерін,Һәм соғыс қалқандары мен семсерлерін. Сонда Иеміз халықтар арасындаТөрелік етіп, көптеген ұлттарғаШығаратын болады әділ үкімін.Енді олар төс үстінде қаруларынҚайта соғып соқаға қылыштарынАйналдырады, ораққа найзаларын.Содан халықтар енді қайтып ешқашанБір-біріне қарсы қару көтермейді,Олар соғысуды тіптен үйренбейді. Сол кезде Исраилдің қалаларында тұрып жатқандар ашық далаға шығып, лақтырылған қару-жарақты жинап, отынға қолданып өртеп жібереді. Үлкен-кіші қалқандар, садақ пен жебелер, қол шоқпарлар мен найза атаулы жеті жылдық отынға жететін болады. Сол күні Мен даладағы жабайы аңдармен, әуедегі құстармен және жерде жорғалайтын хайуандармен халқыма нұқсан келтірмеулері жайлы келісім жасаймын. Мен соғыс, садақ, семсер атаулыны елден аластатып, жоқ қыламын. Сонда халқым ұйқыға алаңсыз жататын болады. Сонда Иеміз көп халықтар арасындаТөрелік етіп, алыс та алып ұлттарғаШығаратын болады әділ үкімін.Енді олар төс үстінде қаруларынҚайта соғып, соқаға қылыштарынАйналдырады, ораққа найзаларын.Содан халықтар енді қайтып ешқашанБір-біріне қарсы қару көтермейді,Олар соғысуды тіптен үйренбейді.
Выбор основного перевода