Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені Құдайларың Жаратқан Ие сендерді құтқарып, жауларыңды қолдарыңа тапсыру үшін қостарыңды аралап жүретін болады. Араларыңнан арам бір нәрсені байқап, сендерден кері бұрылып кетпеуі үшін, қостарыңның мүлтіксіз таза болуы қажет. Жаратушы оларды қолдап құтқарады,Зұлымдардың қолынан босатып алады,Өйткені әділдер Оған үміт артады. Уа, Сионның халқы, масаттаныңдар,Дауыстап қалықтата ән салыңдар:Исраил сиынған Киелі ҚұдайЕнді өздеріңнің араларыңдаБөленеді салтанатты ұлылыққа!» Сион шаһарына қараңдар, оның ішінде Құдай белгілеген мейрамдарымызды тойламақпыз! Сонда Иерусалимді өз көздеріңмен көресіңдер, ол аман-есен жатқан мекен болмақ. Қала қазықтары суырылмайтын, арқандары үзілмейтін, ешқашан да құлатылып, орнынан қозғалмайтын тұрақты шатырға ұқсамақ. Ол былай деді: Пендем, бұл орын — Менің «тағым» тұратын жер және «табан тіренішім». Мен осы орында исраилдіктердің арасында әрқашан боламын. Не Исраил халқының өзі, не олардың патшалары Менің киелі есімімді енді қайтып арамдамайтын болады. Олар биіктеу жерлеріндегі жалған тәңір мүсіндеріне және дүние салған патшаларының ескерткіш бағаналарына бұдан былай табынбайды. Қала шегінің айналдыра ұзындығы он сегіз мың шынтақ болмақ.Сол кезден бастап, қаланың аты «Жаратқан Ие осында тұрады!» деп аталмақ». Жаратқан Иеге ғибадат етуші діни қызметкерлер киелі үйдің кіреберісі мен құрбандық үстелінің арасындағы жерде қайғырып жылап, былай деп жалынсын:— Уа, Жаратқан Ие, өз халқыңды аяй гөр, меншікті халқыңның масқаралануына жол бере көрме! Басқа халықтардың «Олардың сиынған Құдайы қайда екен?» деген мазағына қалдырмашы! Жаратқан Ие сенің үкіміңнің күшін жойып, жауыңды кері қайтарды. Исраилдің Патшасы Жаратқан Ие араңда тұр, Ол саған жар! Енді қайтып пәледен қорықпайсың. «Мен Өзім әрі қаланың айналасындағы жалындаған отты қабырғасы, әрі оның ішіндегі нұрлы салтанаты іспетті боламын», — деп уәде береді Жаратқан Ие. «Қуана ән салып шаттаныңдар, уа, Иерусалимнің халқы! Мен сендердің араларыңда тұруға келе жатырмын! — деп уәде етеді Жаратқан Ие. — Сол күні көптеген ұлттар Менімен тығыз байланысқа түсіп, Менің халқым болады. Мен сендердің араларыңда тұрамын». — Сол кезде сендер мені өздеріңе жіберген Әлемнің Иесі екенін анық білетін боласыңдар.
Выбор основного перевода