Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ал Ұл туралы былай делінген:«Сенің тағың, о, Құдай, сақталады мәңгілік,Патшалығыңа жүргізесің әділ билік. Заңсыздықты жек көріп, әділдікті сүйесің,Сондықтан да Құдай, өз Құдайың Сенің,Өзіңді тағайындап, сыйлады СағанСеріктеріңнен гөрі шаттықты молынан». Менің есіміме арнап киелі үйді салатын сол болмақ. Оның патшалық тағын мәңгілікке орнатамын. Сенің құрметті «тағың» ежелден бекітілген,Уа, Ием, мәңгі бақи бар болып келесің Сен. Жаратқан Иеміздің көз алдында!Ол жерге келеді үкім шығаруға,Әлемге әділ билік айтуға,Нағыз шындықпен күллі ұлттарға. Себебі Сәби дүниеге келді,Біз үшін осы Ұл сыйға берілді!Билік Оның қолында қала береді:Ол «керемет ақылды Кеңесші,Құдіретті Құдай, Мәңгілік Әке,Тыныштықты сыйлайтын Әмірші»Деп те аталатын болады. Біліп қойыңдар, бір кезде мұнда бір патша әділдікпен билік құрып, оның әміршілері елді заңды бұзбай басқаратын болады.
Выбор основного перевода