Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені құдіреті шексіз Тәңірдің жебелері денеме қадалды, жаным солардың уын ішуде. Иә, Құдай мені әбден қорқытатын жайттарды өзіме қарсы даярлап қойды! Өзің атқан жебелерің денеме кірді,Қолың зілдей басты менің үстімді. Халықтарды соттап, көп адамдарын жояды,Бүкіл жер бетінің билеушілерін соғады. Ол сөзімді семсердей өткір етті. Мені қолының саясында қорғап үшкірленген жебеге ұқсас қылып «қорамсағында» сақтап келеді. Қарап қалсам, алдымда ақ боз ат тұр екен. Ат үстіндегі қолына садақ ұстап, басына жеңімпаздың тәжін киіп алыпты. Ол өзінің өктемдігін орнату үшін елдерді жаулап алуға аттанды. Мұнан соң қарағанымда, көктің ашылғанын және сонда тұрған ақ боз атты көрдім; оның үстінде Отырған «Адал да Ақиқат» деп аталады. Ол әділдікпен үкім кесіп, соғысқа шығады.
Выбор основного перевода