Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Барсабия Адонияхтың өтініші туралы сөйлесу үшін Сүлеймен патшаға барды. Сүлеймен шешесін қарсы алып орнынан тұрып, құрмет көрсете иіліп, қайтадан тағына отырды. Шешесіне арнап өзінің оң жағынан тақ қойғызып, соған отырғызды. Солай болса да, уа, Құдайым Жаратқан Ие, бүгінгі күні Сенің алдыңда бой ұрып сиынып жасаған өтінішіме назар аударып, жалбарына еткен мінажатыма мейіріммен құлақ сала гөр! Алпыс патшайым, сексен кәнизак болсын,Әрі сансыз көп қыздар да жиналсын, Жаратқан Иеге қатты қуанам,Құдайыма шаттанады жан дүнием,Мені Ол құтқарып, амандыққа бөледі,Үстіме әділдікті де жауып берді!Күйеу жігіт діни қызметкер іспеттіӘшекейлі тәж басына киеді,Қалыңдық асыл тастарын тағады,Дәл солай мен де болдым салтанатты!
Выбор основного перевода