Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие ата-бабаларыңды сүйгендіктен, олардың ұрпақтары — сендерді де таңдап алды. Өзі араларыңда бірге болып сендерді Мысыр елінен Өзінің құдіретті күшімен алып шықты. Жаратқан Иенің сендерді сүйіп, таңдап алғанының себебі сендердің басқа халықтардан үлкен болғандықтарыңнан емес! Шынында сендер барлық халықтардың ішіндегі ең азы едіңдер. Алайда Жаратқан Ие ата-бабаларыңды сүюге қатты риза болды және олардан өрбіген сендерді барлық халықтардың арасынан таңдап алды. Міне, содан қазір Оның сүйікті халқысыңдар. Уа, Исраил, қандай бақыттысың сен,Жаратқан Ие құтқарған аман-есенӨзіңдей басқа халық бар ма екен?Ол сені қалқандай қорғап-қолдайды,Семсердей саған үстемдік сыйлайды.Алдыңда құлдық ұрады жауларың,Биік жерлеріне аяғыңды басасың». Сендердің алдарыңнан есекара үйірлеріндей зәрелерін ұшыратын қорқыныш жібердім. Сол қорқыныш аморлықтардың екі патшасын алдарыңнан қуып шығарды. Осылайша бұл жеңіске сендер семсер, садақтарыңмен шайқасып ие болмадыңдар. Бірақ оны осылай ауруынан сауықтырмақ болған кезімде Ефремнің күнәлары әшкереленеді, әрі Самарияның қылмыстары жария болады. Халықтың айналысатыны — алдамшылық, ұрылары үйлерге бұзып кіріп, қарақшылары көшеде адам тонайды.
Выбор основного перевода