Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
әрі сендердің Менің мысырлықтарға билігімді қалай паш еткенім туралы балаларың мен немерелеріңе әрдайым айтып жүріп, Менің Жаратқан Ие екенімді білулерің. Балаларың: «Бұл не қылған рәсім?» деп сұраса, Сол күні балаларыңа былай деп түсіндіріңдер: «Мысырдан көшіп шыққан кезімізде Жаратқан Иенің бізге көрсеткен игілігі үшін осылай істейміз». Болашақта балаларың сендерден: «Бұның мағынасы қандай?» деп сұраса, оларға мынаны айтыңдар: «Жаратқан Ие бізді құлдықтың құрсауы — Мысырдан Өзінің құдіретті қолымен азат етіп алды. онда оларға былай деп жауап беріңдер: «Біз Мысырда перғауынның құлдары болып жүрген едік. Бірақ Жаратқан Ие бізді сол елден Өзінің құдіретті қолымен құтқарып алып шықты. (Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.) Ежелгі заман жайлы ойланамын,Өткен ғасырларға ой саламын, Өзіміз естіп білген әңгімелерді,Аталарымыз айтқан нәрселерді Мысыр елінде, Соған алқабындаАта-бабаларының көз алдында.
Выбор основного перевода