Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
«Жартастай Қорғандары» — Жаратқанның ӨзіЖау қолына тапсырмаса Исраилді,Қалайша жаудың жалғыз жауынгеріИсраилдің мың сарбазын қуар еді?Және қалайша жаудың екі жауынгеріОн мыңдай исраилдікті қашқызар еді? Сондықтан Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол халықты тонаушылардың қолына бере салды. Солар исраилдіктердің мал-мүліктерін зорлап тартып алып отырды. Жаратқан Ие халықты айналасында тұрып жатқан жауларының қолына түсіргендіктен, соларға қарсы тұруға Исраилдің қауқары жетпейтін болды. Сонда Жаратқан Иенің қаһары Исраилге қарсы лаулап, Ол халықты Месопотамияның патшасы Қушан-Рушатаимның қолына бере салды. Содан олар осы патшаға сегіз жыл бойы басыбайлы қызмет етті. Сол себепті Оның қаһары халыққа қарсы лаулап, оларды філістірлер мен аммондықтардың қолдарына түсірді. Бірақ ата-бабаларың өздерінің Құдайы — Жаратқан Иені менсінбей, ұмытып кетті. Сол себепті Ол халқынан бас тартып, оларды өздеріне қарсы соғыс ашқан Хасор қаласының қолбасшысы Сісераның әрі філістірлердің және Моаб патшасының қолдарына берді. Себебі Жаратқан Ие былай дейді: «Сендер ақшаға сатылмай-ақ құлдыққа түстіңдер. Енді құн төленбей-ақ босатыласыңдар!» Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Ежелде Менің халқым Мысырға барып, жат жерлік кірмелер ретінде сонда тұрған еді. Соңғы уақытта Ассур патшалығы оларға зорлық-зомбылық көрсетіп келді. Уа, халқым, Мен сенің қазына-дәулетіңді жауға тегіннен-тегін олжа етіп бере саламын. Себебі сен бүкіл елің бойынша күнә жасай бердің. Өздеріңнің ұл-қыздарыңды Яһуданың адамдарына сатамын, олар соларды алыста тұратын Сәба халқына сатып жібереді». — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Выбор основного перевода