Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Абессалом құрбандықтарын ұсынып жатқан кезде, Дәуіттің кеңесшісі ғилолық Ахитопелге адам жіберіп, оны тұрған қаласы Ғилодан алдыртты. Абессаломды қолдаған адамдардың саны өсе бергендіктен, олардың астыртын іс-әрекеттері де күшейе түсті. Жауым қараласа соған төзер едім,Дұшпаным бас көтерсе одан тығылар едім. Алайда мұны істеген қатарласымСенсің, о, жаныма жақын сырлас досым! Күнде жаулар сөздерімді бұрмалайды,Әрдайым маған қарсы қастық ойлайды, Көп адамдар сыбырлап жүр: «Жан-жақ толған қорқыныш! Ол туралы мәлімдеңдер! Кәне, шағымданайық!» дейді. Тіпті сырлас достарымның бәрі де енді бір қате жіберуімді аңсап жүр. «Мүмкін, ол алданып, қолымызға түсер! Сонда біз одан өшімізді аламыз!» дейді. Одақтастарыңның барлығы сені шекараға тықсырады, достарың сені тақырға отырғызып, күштеп әлімжеттік жасайды. Дастарқандас болып наныңды жеген достарың саған тұзақ құрып: «Ол тіпті де түсінбейді» дейтін болады». Парызшылдар сол жерден кетіп, Исаны өз сөзінен ұстаудың жолын іздеп ақылдасты. Олар дастарқан басына жайғасып, тамақ ішіп отырғанда, Иса:— Сендерге шындығын айтайын: Менімен бірге тамақ ішіп отырған сендердің біреуің Маған опасыздық жасайды, — деді. — «Сендер тазасыңдар» деген сөзді бәрің туралы айтып тұрған жоқпын. Қайсыларыңды таңдағанымды Өзім білемін, бірақ Киелі жазбадағы мына сөздің орындалуы тиіс: Дастарқандас боп нанымды жеген кісі Мені теуіп жіберу үшін Маған қарсы көтерді өз өкшесін.
Выбор основного перевода