Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жарлы мен жетімнің мүддесін қорғаңдар,Бейшара кедейге әділдік жасаңдар! Шарасыз бен мұқтажды құтқарыңдар,Зұлымның шеңгелінен оны босатыңдар!» Жақынын жек көрген күнә жасар,Жарлыға игілік еткен жарылқанар. Сондықтан, уа, патша тақсыр, менің мына кеңесіме оң көзбен қарай көріңіз: күнәларыңыздан бас тартып, әділдікке бет бұрыңыз, жаман істеріңізді қойып, қысым көргендерге қайырымдылық көрсете көріңіз! Сонда сіздің өміріңіз ұзақ та берекелі бола алады. Иса оған қарап тұрып, сүйіспеншілікпен:— Саған бір нәрсе жетіспейді: барып, қолыңдағы мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер! — деді. Керісінше, той жасағанда дастарқаныңа жарлы-жақыбайларды, кемтар, ақсақ, соқырларды шақыр!
Выбор основного перевода