Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мұнан кейін патша Садыққа былай деді: «Құдайдың сандығын қалаға қайтарыңыз. Егер Жаратқан Ие маған рақым етсе, онда мені қайтып әкеліп, Келісім сандығын да, Өзінің (жер бетіндегі) тұрағын да көруіме мүмкіндік береді. Ал егер Ол маған: «Саған риза емеспін!» десе, онда Ол Өзінің қалауымен маған не істесе де, соған дайынмын. — Сырлас достарымның бәрі менен жиренеді, жақсы көретін адамдарым маған қарсы шықты. Жауым қараласа соған төзер едім,Дұшпаным бас көтерсе одан тығылар едім. Алайда мұны істеген қатарласымСенсің, о, жаныма жақын сырлас досым! Қандай ғажап еді қарым-қатынасымыз,Құдайдың үйіне бірге барғанымыз. Дастарқанынан дәм татқан өз адамдары оған сатқындық жасайды. Содан Мысыр патшасының әскері күйреп, көптеген жасақшысы қаза табады. Ал он екі елшінің Яһуда Исқариот есімді біреуі басты діни қызметкерлерге барып: «Исаны қолдарыңызға түсірсем, маған не бересіздер?» — деп сұрады. Олар оған отыз күміс теңге ұсынды. Осы кезден бастап Яһуда Исаны оларға ұстап берудің қолайлы сәтін аңдыды. Тамақ ішіп отырғанда Иса оларға қарап:— Сендерге шындығын айтайын: араларыңдағы біреу Маған опасыздық жасайды, — деді. Олар еңселері түсіп, қатты абыржып бірінен соң бірі:— Мырза, сол адам мен емес пе екенмін? — деп сұрай бастады. — Табақтағы тұздыққа Менімен бірге бір үзім нанын батырып алып жатқан біреуің Мені ұстап бересің. Көктен келген Мен Киелі жазбаларда Өзім туралы алдын ала айтылған жолмен жүремін. Алайда Мені ұстап беретін адам қасіретке қалады-ау! Сол кісі үшін ешқашан дүниеге келмегені жақсы болар еді! — деді Иса. Оған опасыздық жасаған Яһуда да:— Ұстаз, сол адам мен емес пе екенмін? — деп сұрағанда, Иса:— Мұны өзің айтып тұрсың, — деп жауап берді. Иса әлі де осыны айтып жатқанда, он екі елшінің біреуі — Яһуда семсер мен сойыл ұстанған үлкен бір топ адамды сол жерге ертіп келді. Бұларды елдің басты діни қызметкерлері және рубасылары жіберген еді. Исаға опасыздық жасаушы Яһуда белгі беру туралы: «Кімнің бетінен сүйсем, Ол — Соның Өзі. Сол Адамды тұтқынға алыңдар!» — деген болатын. Яһуда дереу Исаның қасына барып:— Ұстаз, амансыз ба! — деп, Оның бетінен сүйді. Иса оған:— Достым, сен не үшін келдің? — деді. Сонда жасақшылар жақындап келді де, Исаға тап беріп, Оны ұстай алды. Сонда он екі елшінің біреуі — Яһуда Исқариоттың бойына әзәзіл шайтан кіріп алды. Яһуда (Исаның қасынан) кетіп, басты діни қызметкерлермен және ғибадатхананың бас сақшыларымен кездесіп, Исаны оларға қалай ұстап беру туралы ақылдасты. Олар қатты қуанып, Яһудаға күміс ақша беруге уәде етті. Ол бұған келісіп, Исаны жұрт көзінен таса жерде ұстап берудің қолайлы сәтін аңдыды. — Тыңдап алыңдар: Мені өз қолымен ұстап беретін опасыз адам Менімен бірге дастарқан басында отыр! Көктен келген Мен алдын ала белгіленген жолмен жүремін. Алайда Мені ұстап беретін кісі қасіретке қалады! — деді Иса. Шәкірттері:— Мұны істейтін қайсымыз? — деп бір-бірінен сұрай бастады. Иса әлі де осыны айтып тұрғанда, бір топ адам көрінді. Оларды Яһуда (Исқариот) есімді он екі елшінің біреуі бастап алып келді. Ол Исаға жақындап, Оны сүймекші болды. (Себебі Яһуда қасындағылармен «Кімнің бетінен сүйсем, Ол — Соның Өзі» деп келіскен еді.) Ал Иса оған: «Яһуда! Сен көктен келген Маған бетімнен сүйіп тұрып та опасыздық жасайсың ба?» — деді. — «Сендер тазасыңдар» деген сөзді бәрің туралы айтып тұрған жоқпын. Қайсыларыңды таңдағанымды Өзім білемін, бірақ Киелі жазбадағы мына сөздің орындалуы тиіс: Дастарқандас боп нанымды жеген кісі Мені теуіп жіберу үшін Маған қарсы көтерді өз өкшесін. Осы сөзден кейін Иса іштей қатты толқып, салмақтап:— Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: араларыңдағы біреу Маған опасыздық жасайды, — деді. Шәкірттері Исаның кімді айтып тұрғанын ұқпай, бір-біріне аң-таң болып қарасты. Исаның жақсы көретін шәкірті дастарқан басында Оның қасында жантайып жатушы еді. Шимон Петір Исаның кімді айтқанын сұрап білші деп жаңағы шәкіртке ымдап белгі берді. Анау Исаға бұрылып:— Мырза, сол адам кім? — деп сұрады. Иса:— Үзім нанды табақтағы тұздыққа батырып, кімге берсем, ол — сол кісі, — деді. Содан кейін Иса қолындағы бір үзім нанды тұздыққа батырып алып, Шимон Исқариоттың ұлы Яһудаға берді. Яһуда нанды алысымен әзәзіл шайтан оның бойына еніп алды.Иса Яһудаға: «Не істегің келсе, соны тезірек істе!» — деді. Отырғандардың ешқайсысы Исаның оған неге бұлай дегенін түсінген жоқ. Яһуда ортақ қаржы салатын әмиянды ұстайтындықтан, кейбіреулері Иса: «Мейрамға не керектің бәрін сатып ал!» немесе «Мүсәпірлерге садақа бер!» деп оған тапсырма берген шығар деп ойлады. Ал Яһуда нанды жеп алған соң тез шығып кетті. Сыртта қараңғы түн еді. Енді Яһуда римдік әскердің бір тобын және басты діни қызметкерлер мен парызшылдар жіберген бірнеше сақшыларды ертіп сонда келді. Олардың қолдарында шамдары, шырақтары және қарулары болды. — Бауырлар! Исаны тұтқындағандарға жол көрсетуші болған Яһуда туралы Киелі жазбалардағы сөз орындалуға тиісті еді. Киелі Рух мұны ежелде Дәуіт пайғамбар арқылы алдын ала айтқан болатын.
Выбор основного перевода