Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иені дәріптеймін ән-жырменен,Себебі Ол жеңімпаз, мерейі үстем бәрінен!Теңізге лақтырды Ол атты мінген адамымен. Жаратқан Ие — қайнар көзі күш-қуатымның,Мадақтау жырларымды Оған арнай берейін.Ием мені құтқарып, алып қалды аман-есен.Жаратқан — Құдайым менің, Оны мадақтайын,Ол — әкемнің де Құдайы, даңқын асырайын! Ием — батыр жауынгер, есімі — Жаратқан Ие, Перғауынның күймелері мен әскерін теңізге,Таңдаулы басшыларын да Қамысты теңізгеЛақтырды; терең су басқан олар тас іспеттіБарлығы тұңғиыққа зым-зия батып кетті. Уа, Жаратқан, оң қолың зор құдіретіңді танытты,Сенің қолың, о, Ием, жауларыңды талқандады. Зор ұлылығыңмен құлаттың қарсыластарыңды,Лаулаған қаһарың сабандай жалмады оларды. Деміңнің лебінен бөгеліп, сулар тоқталды,Ағысы қабырғадай тіп-тіке тұра қалды,Теңіз ортасындағы терең су қатып қалды. Жау былай мақтанды: «Өкшелей қуып, жетемін.Құмарымды қандырып, олжасын бөлісемін.Семсерімді қынабынан суырып аламын,Күшімді көрсетіп, тас-талқанын шығарамын!» Ал Сен дем үрлеп, су көміп тастады оларды,Терең суға батып кетті қорғасындай барлығы. Уа, Жаратқан Ие, қай «тәңір» Саған тең келер еді?Ешкім жоқ Сендей салтанатты да қасиетті,Даңқты ұлылығымен айбынды да қастерлі,Керемет істер жасайтын сондай құдіретті! Сен қол созғанда жауды жұтып қойды о дүние. Құтқарған халқыңды рақымыңмен жетелейсің,Киелі мекеніңе зор күшіңмен жеткізесің. Басқа халықтар мұны естіп қорқып дірілдейді:Філістірдің елін ғаламат үрей билейді, Едомның әмірлері асып-сасып қалады,Моабтың көсемдері де қалшылдап қорқады,Қанахандықтардың түседі ұнжырғалары, Уа, Жаратқан, бәрін қорқыныш билеп, үрей басады,Меншікті халқың өтіп шыққанша жерлерінен,Зәрелері ұшады қолыңның құдіретінен,Тастай қатып тыныш отыр олар сол себептен. Өзіңе таңдаған тауға халқыңды апарасың,О, Жаратқан, сонда оны қондыратын боласың.Сол жерді өз мекенің болуға жаратып алдың,Уа, Ием, Сен сонда киелі орныңды жасадың. Мәңгі болады билігі Жаратқан Иенің! Сол жеңіс күні Дебора және Абиноғам ұлы Барақ былай деп жырлады: Басшылар бастап шықты Исраилді,Халық өз еркімен бағышталып ерді,Мақтаңдар, содан Жаратқан Иемізді! Ей, патшалар, құлақ салыңыздаршы,Ей, билеушілер, тыңдаңыздаршы,Жаратқан Иеге жырымды арнаймын,Исраилдің Құдайына әнімді шырқаймын: Уа, Жаратқан, Сен Сейірден шыққанда,Едом аймағынан алға басқанда,Жер сілкініп, бұлттан жаңбыр құйды сонда, Таулар дірілдеді Иеміздің алдында,Синай тауы да Жаратқанның алдында:Исраилдің Құдайының көз алдында. Анат ұлы Шамғардың заманындаӘрі Жаилдың да уақытындаҮлкен жолдар қаңырап бос жататын,Жүргіншілер сүрлеумен алға басатын. Бос қалды Исраилдің елді мекендері,Исраилдік ана — мен Дебора, келгенше. Халық жаңа тәңірлер алды таңдап,Содан қақпаларға соғыс келді таяп.Исраилдің қырық мың ері арасынанБайқалды ма бірде-бір найза не қалқан? Жүрегімде Исраилдің әміршілеріҺәм халықтың бағышталып ерген ерлері,Бәрің мадақтаңдар Жаратқан Иемізді! Уа, ақ есекке мініп алған байлар,Қымбат кілем үстінде отыратындар,Әрі жаяу жүргендер, соны хабарлаңдар! Суатта ән-жыр айтқандарға құлақ асыңдар,Жаратқанның әділ істерін мадақтаңдар!Исраил өз диқандарының ерлігін мақтар.Жаратқанның халқы қала қақпасына барды: «Уа, Дебора, енді ояныңызшы,Оянып, жырлап, ерлерді шақырыңызшы!Уа, Абиноғам ұлы, тұрыңызшы,Уа, Барақ, жауларды тұтқындаңызшы!» Қалған ерлер шықты айбатты жауға қарсы,Жаратқанның халқы мықтыларға қарсы: Амалектің жері болған Ефремнен түсті,Буняминдіктер олардың соңынан ілесті,Махырдан аттанды әскербасылар,Забулоннан билік басындағылар. Исашар басшылары еріп Дебораға,Исашар Барақпен атой салды аңғарға.Ал пікір мың құбылды Рубен тармақтарында. Неге жылжымай жаттың қораларда,Шопанның ысқырығын тыңдап отырдың ба?Пікір мың құбылды Рубен тармақтарында. Ғилақад қалды Иорданның ар жағында,Дан неге жалтарды кемелер қасында?Ашир отырды теңіз жағалауында,Әрекет етпеді кемежайларында. Ал Забулон руы аянбады қыраттарда,Бастарын өлімге тікті нафталимдықтар да. Жау патшалары аттанды соғысуға,Қанахан патшалары Тағанахта,Мегидо бұлақтарының бойындаШайқасқанмен олар ешқандай олжаНе күмісті түсіре алмады қолдарына. Аспан әлемінен жұлдыздар сондаЖүрген жолдарынан соғысып, олар даШабуыл жасады сол Сисараға. Жауларды шайып ағызып Қишон жылғасыӘкетті: ежелден бар бұл Қишон жылғасы.Алға басып, қабылдайық күш-қуатты! Аттардың тұяқтары жерді дүркіретті,Жаудың алғыр айғырлары шауып жүрді. «Мероз қаласы жазасын тартсын! — дедіЖаратқан Иеміздің періштесі, —Қала тұрғындарына қарғыс тиеді,Жаратқанға олар қолдау көрсетпеді,Мықты жауға қарсы көмектеспеді». Әйелдер ішінен Жаил жарылқансын,Бұл батыл әйелі кендік Хебердің!Ол шатырда тұратын әйелдердіңЕң молынан жарылқанғаны болсын! Сисара су сұрап, Жаил сүт берді,Әсем тостағанмен шалап әперді. Жаил оң қолын созды қазыққа,Сол қолын жұмысшының балғасына.Бір ұрып жарды ол жауыздың басын,Тесіп жіберді Сисараның самайын. Жаилдың аяқтарына жау иілді,Аяқтарының арасына жығылды,Жығылған жерінде лезде қырылды. Сисараның шешесі сыртқа қарады,Терезе торынан былай деп зарлады:«Неге келмеді оның соғыс күймесі?Кешікті-ау дөңгелектерінің дүбірі!» Көреген ханымдары мынадай жауап қатты,Соларын көп қайталап ол жұбаныш тапты: «Олжа тауып, бөлісіп жатыр екен,Әр сарбазға тұтқын қыз бір-екіден,Алуан түсті шапандар Сисараға,Кестелі түрлі түсті маталар да,Һәм кестеленген шәлілер менің мойныма,Осылардың барлығы да бізге олжа!» Уа, Жаратқан, бар жауың солай талқандалсын,Ал Сені сүйгендер атқан күндей нұрлансын!Содан елде қырық жыл бойы тыныштық орнады. Қаналғандарға Жаратқан пана болады,Қиын жағдайда зәулім қорған боп тұрады, Сен пана болып әділді қорғайсың,Өз саяңда аман-есен сақтайсыңАдамдардың астыртын әрекетіненӘрі ұрсып айыптайтын тілдерінен. Сен қорғанымсың әрі қалқаным,Сенің сөзіңе сенімімді артамын.
Выбор основного перевода