Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда араларыңнан тірі қалғандар өздерінің және ата-бабаларының теріс қылықтарын әрі Маған қарсы шығып опасыздық жасағандарын мойындайды. Сонда Дәуіт Натанға былай деді:— Мен Жаратқан Иеге қарсы күнә жасадым, соны мойындаймын! — Натан пайғамбар оған:— Онда Жаратқан Ие күнәңді кешірді. Сен өлімге бұйырылмайтын болдың. Я болмаса, басқалардай күнәларымды жасырып, айыбымды жүрегімде тығып жүрдім бе? Әділетсіз ісімді мойындаймын,Жасаған күнәма қайғырудамын. Қылмыстарымды жақсы білемін де,Күнәларым әрдайым тұр есімде. Шығыс батыстан тым қашық болғаны сияқты,Ол заңсыз істерімізді бізден зор қашықтатты. Күнәларын жасырған жан өркендемейді,Оларын мойындап, бас тартқан рақым көреді. Қой, жолға шығып, әкеме қайтып барайын: Әке, мен көктегі Құдай алдында да, сіздің алдыңызда да күнә жасап келдім. Егер де күнәларымызды мойындасақ, Құдай сенімді де әділетті болғандықтан оларды кешіріп, бізді барлық әділетсіздігімізден тазартады.
Выбор основного перевода