Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құтқару Сионнан келсе екен Исраилге!Жаратқан өз халқын тұтқыннан азат еткенде,Жақыптың үрім-бұтағы қатты қуанады,Иә, Исраил халқы шат-шадыман болады! Уа, Құдайымыз, Өзің ИсраилдіБар қиыншылықтан құтқара көрші. Алайда Мен өз еркіме сай қылмыстарыңды өшіріп тастаймын! Енді қайтып ешқашан да күнәларыңды есіме алмаймын! Әділетсіз істеріңді тұмандай сейілттім,Күнәларыңды жел айдаған бұлттай жоқ еттім,Енді теріс жолыңнан қайтып, бет бұр Өзіме!Мен қамқоршың болып құтқарып, кешірдім!» Ал Жаратқан Ие Исраил халқын құтқарып, ұдайы қорғап-қолдайды. Содан оларға: «Енді қайтып қорланбайсыңдар, мәңгі масқара болмайсыңдар!» — делінеді. Мәриям Ұл таппақ, Оның атын Иса деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді. «Исраилдің сиынатын ҚұдайыМадақталсын: оның Жаратқан Иесі!Құдай таңдап алған халқына келеді,Оны құтқарып алып азат етеді! Ол бізді бүкіл жамандық атаулыдан азат етіп, тазартып, Өзінің меншікті, игі істерге ынталы халқы ету үшін жанын қиып, құрбан болды.
Выбор основного перевода