Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Тіпті Онымен пікірталасқа біреу шықса да, Құдайдың қойған мың сұрағының біреуіне де жауап бере алмас еді. Сен мені бақылап тұрсың. Егер күнә жасасам, мұнымды жазасыз қалдырмайсың. Уа, Құдай, айбаттысың, қаһарланғаныңдаКім тұра алар еді Сенің алдыңда? Тергеп соттай көрме мені, қызметшіңмін,Мінсіз жан болмайды алдыңда Сенің. Жаратқан Иенің ашуына кім шыдай алар екен? Оның лаулаған қаһарына кім төтеп бере алады? Оның ашу-ызасы от сияқты төгіліп, жартастар да Оның алдында талқандалып үгітіледі. Бірақ Оның келетін сол күніне кім төзе алады? Ол келіп, ашық көрінген күні кім берік тұра алатын болады? Себебі Ол күмісті балқытып тазалайтын зергердің оты әрі мата ағартушының сілтісі сияқты әрекет етпек. Олардың қаһарын шашатын күні жетті, енді кім соған төзе алады?!» — деді.
Выбор основного перевода