Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Содан перғауын кісі жіберіп, Мұса мен Һаронды шақырып алып:— Осы жолы мен күнә жасадым. Жаратқан Ие әділ, ал өзім және халқым кінәлі. Уа, Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие, Сен әділсің! Біз қырылудан аман қалған біраз адамбыз. Сенің алдыңда әбден кінәлі болдық. Осы істегеніміздің кесірінен ешқайсымыз Сенің алдыңда тұра алмаймыз. Сен Синай тауына түсіп, оларға көктен де тіл қаттың. Сонда оларға әділ шешімдер мен заңдарды, ізгі ережелер мен өсиеттерді тапсырдың. Жаратқан Ие әділ де рақымды,Біздің Құдайымыз сондай қайырымды! — Уа, Жаратқан Ие, мен дауымды алдыңа салғанда, Сен әрқашан әділсің. Ал енді осы мәселелер жайлы Өзіңмен сөйлеспекпін: неліктен зұлымдардың өмірі табысты? Неліктен опасыздар алаңсыз жүріп өркендейді? Уа, Жасаған Ие, Сен әділсің, ал бүгінгі күні біз қара бет болдық. Бәріміз де — Яһуда мен Иерусалимнің адамдары әрі алыстағы да, жақындағы да бүкіл Исраил халқы Саған опасыз болғандықтан, әр түрлі елдерге тарап кетіп, ұятқа қалып отырмыз.
Выбор основного перевода