Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кемелді — Жаратқанның тағылымдары,Жан дүниені олар жаңартады.Ақиқат — Иеміздің жарлықтары,Олар наданды да дана қылады. Әрі әділ — Жаратқанның бұйрықтары,Олар жүрекке қуаныш құяды.Жаратқанның өсиеттері сондай нұрлы,Көздерді ашып, жарқыратады. Ақылы толмағанға ақыл беріп,Жастарға білім, саналылық сыйлау. Өсиет пен тәлім шам-шырақ секілді,Түзеткіш тәрбие өмір жолын сілтейді. Сол кезде Иса көктегі Әкесіне сиынып: «Көк пен жердің Иесі — Әке! Осы жайттарды данышпандар мен білгіштерден жасырып қалып, оларды ашып көрсеткенің үшін Сені дәріптеймін.
Выбор основного перевода