Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Оның төрт бұрышынан шығып тұрған мүйіз тәрізді төрт шошақ құрбандық үстелімен біртұтас жасалсын. Үстел қоламен қапталсын. Бірінші күні таңдаулы ағаштардың жемістерін, пальма бұтақшаларын әрі жапырағы мол өзге ағаштардың және өзен жағасындағы талдардың бұтақшаларын жинап, күркелер жасап алыңдар. Құдай Иелеріңнің алдында жеті күн бойы шаттана тойлаңдар. Тұрған халық мұны көргенде етпеттерінен жерге жығыла кетіп: «Жаратқан Ие — Құдай! Жаратқан Ие — Құдай!» — деп айқайлай берді. Қуанышқа кенелген яһудилер көздері жайнап, құрметке бөленді. Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!
Выбор основного перевода