Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие сендер үшін паналайтын киелі орын іспетті болмақ. Бірақ Ол Исраилдің екі патшалығы үшін адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты, әрі Иерусалимнің тұрғындарын түсіретін тұзақ пен тор секілді болады. Сондықтан Жаратушы Тәңір Иенің айтқаны мынау:«Міне, Мен аса құнды «Тасты» таңдап алдым,Оны Сиондағы үйімнің бұрышыныңІргетасы ретінде орнатып қоямын.Енді Оған сенімін артқан ешкімҰятқа қалмайтын болады лайым. Сонда Иса былай деді:— Киелі жазбадан мынаны ешқашан оқымап па едіңіздер: «Құрылысшылар менсінбеген Тас енді үйдің басты іргетасына айналды! Жаратқанның Өзі соны істеді, көз алдымызда бұл керемет болды!» Киелі жазбалардан мынаны оқымап па едіңіздер: «Құрылысшылар менсінбеген Тас енді үйдің басты іргетасына айналды! Жаратқанның Өзі соны істеді, көз алдымызда бұл керемет болды!» Иса оларға қарап былай деп жауап берді:— Ендеше Киелі жазбалардағы мына сөздердің мағынасы не: «Құрылысшылар менсінбеген Тас енді үйдің басты іргетасына айналды!» Иса — құрылысшылар, яғни сіздер, менсінбей бас тартқан Тас. Ол «енді үйдің басты іргетасына айналды!» Құдайдың рухани үйінің елшілер мен пайғамбарлар салған іргетасының үстіне сендер де «тірі тас» іспетті қаландыңдар. Осы «үйдің» ең негізгі және басты «Тасы» — Иса Мәсіхтің Өзі. Иеміз Мәсіх — адамдар «менсінбей бас тартқан», бірақ Құдай бағалы деп таңдаған «тірі Тас» іспетті. Оған келген Сенетін сендер үшін осы «Тас» (Иса Мәсіх) ерекше қымбат. Ал сенбейтіндерге байланысты мынадай сөздер жазылған: «Құрылысшылар менсінбеген «Тас» енді үйдің басты іргетасына айналды!» Ол «адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты».
Выбор основного перевода